Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
СҚО Қызылжар ауданы Асаново ауылының тұрғындары ауыз су мәселесін көтерді.
Петропавлда үйі өртеніп кетіп, алты баласымен панасыз қалған отбасы бір жылдан бері пәтер жалдап күнелтіп жүр.
СҚО-да онкология аурулары асқынып тұр. Аймақта қатерлі дертке шалдыққандардың көбею себебін зерттеген ғалым "бар мәселе экологияға байланысты" дейді.
СҚО Плоское ауылының 9 жылдық мектебі жабылғасын балалар 10 шақырым жердегі Асановка ауылына баруға мәжбүр.
СҚО-да қоғам белсендісі Өмір Есқали Октябрь революциясының 100 жылдығына арналған көрменің өтуіне қарсы. Мұражай өкілдері бұл көрмені салтанатты түрде аша алмағандарын айтады.
Солтүстік Қазақстан тарихи-өлкетану музейінде Октябрь төңкерісінің 100 жылдығына арналған көрмесі өтіп жатыр. Жергілікті белсенді Өмір Есқали «Оны салтанатты түрде өткізбек болған. Біздің қарсылығымыздан жасқанып, ақыры қатардағы көрме жасады» дейді. Ал музей басшылары шараны «салтанатты түрде аша алмағандарын» растайды, бірақ оны Петропавлда өткен дельфи ойындарымен байланыстырады.
Наталья Касимова бес баланың анасы. Күйеуі үшінші топтағы мүгедек, бір баласы да ауыр сырқатқа шалдыққан. Әлеуметтік қорғау мамандары оларды кедей отбасылардың қатарына жатқызбайды.
Үй-жайы қираған Петропавл тұрғындары "жәрдемақыға жаңа баспананың жартысын да сала алмаймыз" дейді. Ал әкімдік қосымша қаражат беру жоспары жоқтығын айтты.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайловка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт апатты жағдайда тұр.
Солтүстік Қазақстан облысында сұранысқа ие АИ 92 бензині талонмен беріліп жатыр. Билік "дефицит тудырған Атырау мұнай өңдеу зауыты" дейді.
"Түрме әкімшілігі денсаулығыма немқұрайлы қарады". Петропавлда сотталушы жазған арыз бойынша сот ісі аяқталды. 23 қазан 2017 жыл.
Петропавлда көмір кезегі ұзарды. Ресми ақпарат бойынша 2017-2018 жылдары қала тұрғындарына 410 мың тонна көмір қажет. Әзірше тұрғындардың 65 пайызы көмір алған.
Солтүстік Қазақстан облысында сотталушылардың түрме басшылығына қысым көрдік деген арызы бойынша сот отырысы өтті. Олар соттан моральдық шығын өндіріп беруді сұрап отыр. Ал түрме әкімшілігінің пікірі басқа.
Петропавлдағы Жұмысшы кентінің бір топ тұрғыны үйлеріне өздерінің келісімінсіз жылу есептегіш құрылғыны орнатқанына наразы.
Солтүстік Қазақстан облысы орталығының тұрғындары жылудың берілмегеніне шағымданады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайловка ауылындағы бір ғимаратта орналасқан балабақша мен интернат жаңа оқу жылына дайын емес. Ал жауапты басшылар "жөндеу екі аптада бітеді" дейді.
СҚО-да латынша əліпбиге көшу мəселесі талқылана бастады. Бірнеше белсенді жаңа қазақ əліпбиіне қатысты Мамлют ауданы тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарға жауап берді.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңасу ауылының тұрғындары жарты жылдан бері ауыз сусыз отыр. Ауыл әкімі Қайсар Қалижанов "істен шыққан жүйені қалпына келтіру үшін 1 миллион теңгеден артық қаражат қажет, бюджетте ондай ақша жоқ" дейді.
Азаттықтың Петропавлда тұратын 10 жасар Варя Степанова жайлы видеосын көрген қала тұрғындары оның отбасына көмектесе бастаған.
Петропавлда тұратын 10 жасар Варя Степанова биыл төртінші сыныпқа баруы керек. Бірақ көпбалалы үйдегі бұл оқушы керек-жарағын алуға ақша жоғын айтады.
Тағы