Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
Петропавл қаласында 170 отбасы апатты үйде тұруға мәжбүр. Жылдар бойы үй кезегін күткен тұрғындар жаңа баспанаға жетуі үшін мемлекет қаражат бөлуі қажет.
Петропавлдың жеке кәсіпкерлері сотталушылар арасынан жұмысшы іздейді. Олар Заречныйдағы ЕС-164/3 түзету мекемесіне келіп, сотталушылардың кәсібімен танысты.
Петропавлға өзге өңірлерден келіп, жұмыс істеп жатқан бір топ адам еңбекақыларын даулап жүр. Мәселеден облыс әкімі де хабардар. Жұмыс беруші компания басшылығы журналистермен сөйлескілері келмеді.
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Қайранкөл ауылындағы элеватор жұмысшылары "басшылық зейнетақы қорына ақша аудармайды, айлығымызды жөнді бермей жүр" деп шағымданады. Айтуларынша, ауылдағы элеватордың жұмысшылар алдындағы қарызы он миллионнан асқан.
Петропавл тұрғындары қыс аяқталуға жақындаса да көмір тапшылығын көріп отырғандарын айтады. Солтүстікқазақстандықтардың «көмір жетпей жатыр» дегенін Азаттық қазан айында да көрсеткен. Әкімдік өкілдері тұрғындар "99 пайыз көмірмен қамтылған" дейді.
12 ақпан - Сара Назарбаеваның туған күні. Қазақстан мектептерінде "Өзін-өзі тану" онкүндігі өтіп жатыр. Белсенді мұндай іс-шараның артық екенін айтады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынына бір жылға жуықтады. Бірақ, зардап шеккен кей тұрғындар әкімдік уәде еткен көмектің толық көрсетілмей жатқанына шағымданады.
Солтүстік Қазақстан облысында монополияға қарсы департамент көмір сатумен айналысатын төрт компанияны тексеріп жатыр. Олар өткен жылдары "Шұбаркөл көмірін өзара сөз байласып, әдейі қымбаттатып сатқан" деген күдікке ілінген. Ал тексеріліп жатқан компания басшылары бұл айыппен келіспейді.
Солтүстік Қазақстан облысында газ бағасы алты жарым пайызға қымбаттады. Тұрғындар тарифтердің қымбаттауы әлеуметтік жағдайларына кері әсер етіп отырғанына шағым айтады
Солтүстік Қазақстан облысының имамдары мен ардагерлер кеңесі ақылдаса келе жаназа және жерлеу рәсімінің ортақ тәртібін бекітті.
Петропавлда он шақты адам "құрылыс жұмыстары үшін екі айдан артық уақыт істеген еңбегімізге ақы алмадық" деп шағымданады.
Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы жер дауы күшейе түсті.
СҚО-да қаңтардың 1-інен бастап электр энергиясының құны 5 пайызға қымбаттады. Тұрғындар бұған наразы.
Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келушілер көбейді. Бұл жайында облыстағы статистика департаментінің мамандары хабарлады.
Петропавлда су құбыры жарылып, он шақты үй сусыз қалып, бірнешеуін су басты. «Нұрлы жол» бағдарламасымен 590 миллион теңгеге салынған құбыр желісі бір айға жетпей істен шыққан.
Петропавл қаласынан сегіз километр жердегі Бескөл ауылы орталық жылу жүйесіне әлі қосылмаған. Көпқабатты үй тұрғындар пеш жағып отырғандарын айтады.
Петропавл қаласынан сегіз шақырым жердегі Бескөл ауылы орталық жылу жүйесіне әлі қосылмаған. Көпқабатты үй тұрғындары пеш жағып отырғандарын айтады.
Петропавлда оқитын Қытай қазақтары орыс тілінен қиналып жүргендерін айтады. Олар «қазақ тобында оқысақ та, кейбір сабақта мұғалімдер орысша сөйлейді» дейді. Ал университет басшылығы сабақ беретін мұғалімдердің 80 пайызы қазақ тілді маман екенін айтады.
Петропавлдағы дәріханаларда науқастарға бір жыл бойы тегін берілетін дәрі-дәрмек жарты жылға жетпей бітіп қалған. Зейнеткерлер ем-домға қажет дәрілерді сатып алуға мәжбүр.
Петропавлда көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар туралы Азаттық видеосынан кейін бірнеше отбасыға тұрғындар көмек берген.
Тағы