Өзбекстан президенті аппаратында ауқымды кадрлық ауыс-түйіс жасалды. Соның ішінде ең маңыздыларының бірі – президент Шавкат Мирзияевтің қызы Саида Мирзияеваның президент әкімшілігі басшысы лауазымына тағайындалуы болды. 2023 жылдан бері мұндай лауазым Өзбекстанда болмаған, енді ол қайта енгізілді.
Израиль тарабы соғыс жүріп жатқан Газа секторына гуманитарлық көмек кіргізуді тоқтатқан. Олар бұл әрекеттерін "азық-түлікті ХАМАС иеленіп жатыр" деп түсіндіреді. Газа аймағында 2 миллион адам баспанасыз босып, 60 мыңға жуық адам қаза болған.
Үкімет парламентке есеп берді. Парламеттегі үш партия үкімет жұмысына қарсы. Парламент пен үкіметте қабылданған шешімдер халық өміріне қалай әсер етті? Депутаттар парламентте нені айта алмады? Сарапшымен сұқбат.
Танымал әнші Наркенже Серікбаева Түркістан филармониясының бастығы анайы ұсыныс айтып, қысым көрсетті деді. Ғалымжан Ерназаров мұны жоққа шығарды. Дау қалай аяқталды?
Таяу Шығыста ахуал ушыққанда Доха мен Дубайда қалып қойған қазақтар елге жеткізіле бастады. Әуежайдағы жұрт неге наразы? Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге мереке қарсаңында алғыс айтып, медаль тақты. Билік тілшілерді неге марапаттайды? Кейінгі жылдары сөз бостандығы ахуалы қалай өзгерді?
Тағы